ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2024 | 09:35
Астанада вейптерді заңсыз сатқан интернет-дүкен анықталды
Астанада полиция вейптерді заңсыз сатқан интернет-дүкенді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада полиция вейптерді заңсыз сатқан интернет-дүкенді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қойма көпқабатты үйдің пәтерінде орналасқан.
"Интернет-дүкен штатында 28 жастағы иесінен басқа 10 адам жұмыс істеген. Олардың ішінде - сатушылар, курьерлер, сұрыптаушылар, сатушы-дроппер, ревизор бар. Қоймадан 20 мыңнан астам вейп табылды. Тауар телеграмм арналары арқылы сатылған", - делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алумен жазалауды көздейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также