Астанада вокзал қоршауға алынды

© Tengrinews.kz

Астанада теміржол вокзалы қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап. Вокзалдың жанында өртсөндірушілер мен жедел жәрдем көліктері тұр.

Куәгерлердің айтуынша, вокзалға ешкімді кіргізбей жатыр.

Расталмаған ақпараттар бойынша, вокзалдан қара пакет табылған.

Реклама
Реклама

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

ҚОСЫМША

Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, хабар сағат 13.35-те келіп түскен. Кезекшінің айтуынша, қараусыз қалған бір қорап табылыпты.

Жедел қызмет мамандары сол жерге барды. Вокзалдағы 500 жолаушы мен 50 қызметкер эвакуацияланды. Сағат 14.35-те қораптың бос екені анықталып, қоршау алынып тасталды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама