Астанада вокзалдағы жарылыс: контейнер қайдан келгені белгілі болды

Фото: ҚТЖ

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Астана теміржол вокзалындағы жарылысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Астана теміржол вокзалындағы жарылысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 ақпанда Астана теміржол вокзалында электроқұрылғылар тасымалданған контейнер жарылды.

"Бұл контейнер Еуропалық Одақтан келген. Оның ішінде дизель генераторы болған. Жарылыс болды. Қазіргі уақытта оның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", – деді Ластаев үкіметтегі брифингте.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 14 ақпанға қараған түні Астанада ескі вокзал маңында жарылыс болды. Жарылыс толқынын жақын маңдағы аудандардың тұрғындары сезген. Куәгерлердің айтуынша, кей жерлерде тіпті терезелер сынған.

"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнерінде "қатты дыбыс" шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, контейнерде трансформаторлар мен генераторлар сияқты электроқұрылғылар болған.

Қаза тапқандар жоқ, бір адам қолын жеңіл жарақаттаған.

Бұл факт бойынша көлік полиция департаменті "Теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама