Синоптиктер 19–21 маусым аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
19 маусымда күн бұлтты болады, кей кездері жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +33...+35 градус ыстық болады.
20 және 21 маусымда күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +33...+35 градус ыстық сақталады.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
19 маусымда күн бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +31...+33 градус болады.
20–21 маусымда: күн бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні секундына 15–18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +30...+32 градус болады.
Тағы оқыңыз: Көктөбе телемұнарасына найзағай түсті: Алматы тұрғыны бұл сәтті видеоға түсіріп алды