Астанада ыстық су беру тоқтатылады

Фото РИА

Бүгін Астанада ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

27-28 мамырда елорданың кейбір аудандарында ыстық су беру тоқтатылады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана-Теплотранзит» АҚ хабарлады.

Мекеменің мәліметінше, Жеңіс, Бөгенбай батыр, Абай даңғылдары, Тілендиев, Молдағұлов, Әуезов, Мәскеу, Найзақара, Потанин, Желтоқсан, Сарыарқа, Сейфуллин, Күмісбеков, Бегелдинов, Ирченко, Кенесары, Рысқұлов, Жангелдин, Боталы көшелеріне ыстық судың берілуі істен ажыратылады.

Реклама
Реклама

Себебі, жылу магистралдарын тығыздыққа дайындау және сынау жұмыстары өткізіледі. Тиісті жұмыстар Астана қаласының кейбір аудандарында жасалып бітті.

«Астана-Теплотранзит» АҚ хабарлауынша, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ПИК пен ПК төрағалары берілген ұйғарымға сәйкес, ыстық сумен қамтуды желіден айырып тастауы қажет. Әрі осы кезеңде кезекшілік ұйымдастырылуы тиіс. Жылу беру желісіндегі барлық жұмыстар тоқтатылуы керек.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама