Астанада жаяу жүргіншілерге 50 миллион теңге айыппұл салынды

Астанада жаяу жүргіншілерге 50 миллион теңге айыппұл салынды © Тұрар Қазанғапов

Астанада ?р бесінші жол-к?лік апаты жаяу ж?ргіншілерді? ереже б?зуынан орын алып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана ?кімдігіні? сайтына сілтеме жасап. 

Астанада әр бесінші жол-көлік апаты жаяу жүргіншілердің ереже бұзуынан орын алып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Жыл басынан елордалық полицейлер жаяу жүргіншілермен жол қозғалыс ережесінің 6000-нан аса бұзушылығын тіркеді, салынған айыппұл сомасы 50 476 906 теңге.

Полицейлердің сөзіне қарағанда, қабылданып жатқан шаралар мен әкімшілік жауапкершілікке қарамастан, жаяу жүргіншілер жол қозғалыс ережесіне әлі де салғырт қарауда. ЖКА алдын алу үшін елордалық жол полиция қызметі 4-5 тамыз аралығында «Жаяу жүргінші» акциясын өткізеді. Апатты-қауіпті жол учаскелерінде жол-патруль қызметінің жұмысы күшейтіледі.

Реклама
Реклама

"Жаяу жүргіншілер төте жолдармен, ол болмаған жағдайда жолдың жиегімен жүруі тиіс. Жаяу жүргіншілер жолды арнайы жаяу жүргіншілер өтпежолы (оның ішінде жерасты) арқылы қиып өтуі қажет. Яғни белгіленбеген жерде жолды қиып өтуге болмайды", - деді тәртіп сақшысы.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама