Астанада жанармай бекетінен ақша ұрлап кеткендер іздестіріліп жатыр

Камила Долаева Журналист
видеодан үзінді

Астанада Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан жанармай құю бекеттерінің бірінде болған ұрлық ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"26 шілдеде сағат 06.00 шамасында Астананың жанармай құю бекеттерінің бірінде ұрлық жасалды. Ашық тұрған жанармай бекетінің төлем жасау терезесіне ұрлықшылар кіріп, тыныш қана кассадан ақша ұрлап кеткен. Полиция күдіктінің біреуін ұсады, ал екіншісі кім екені анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Желіде таралған видео

Екінші күдіктіні ұстау үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатыр.

Полиция көрсетілген адам туралы қандай да бір ақпарат болса тұрғындардан Ақбұғы, 2 мекенжайында орналасқан Сарыарқа аудандық Ішкі істер басқармасына немесе + 7 (7172) 38-28-08 және 102 телефоны бойынша хабарлауды сұрайды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама