Астанада және Қазақстанның үш облысында жел күшейеді

©REUTERS

Ерте? Астанада ж?не ?аза?cтанны? ?ш облысында жел к?шейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап. 

Ертең Астанада және Қазақcтанның үш облысында жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 

27 сәуірде таңертең және күндізгі уақытта Астанада оңтүстік және оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с жел соғады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95 пайыз.

27 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз кей жерлерде найзағай болжанады.

Реклама
Реклама

Ал Қостанай облысында 27 сәуірде тәулік бойы жел соғады, күндіз аймақтың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с; кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз 27 сәуірде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады.

Петропавл қаласында күндіз 27 сәуірде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.

Осыған дейін синоптиктер 26-28 сәуір күндері күндері елімізде жауын-шашынның тоқтайтынын хабарлаған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама