Астанада және үш облыста аяз болады

© Тұрар Қазанғапов

Астанада, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасының төмен болуына байланысты ескерту жарияланды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"21, 22 желтоқсанда түнде ауа температурасының Ақмола облысының оңтүстігінде 30-33 градус аязға дейін, Қарағанды облысында 32-35 градус аязға дейін, Шығыс-Қазақстан облысында 33-38 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Астана қаласында түнде 21, 22 желтоқсанда ауа температурасының 30-32 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында. 

21 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Таулы аудандарда баяу бұрқасын, шығыстан  секундына15-20 метр желдің күшеюі күтіледі.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама