Астанада жәрмеңкеде ауылшаруашылық өнімдері төмен бағамен сатылады

© Тұрар Қазанғапов

Астанада 22 тамызда жыл сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2015 жылдың 22 тамызы мен 22 қыркүйек аралығында апта сайын демалыс күндері (сенбі, жексенбі) Астана қаласындағы MEGA ойын-сауық орталығы алдында Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі. Жәрмеңке сағат 10:00-18:00 аралығында жұмыс істейді. Жәрмеңкедегі тауарлар нарықтағы бағадан арзандатылып сатылады.

"Сатуға шығарылатын тауар түрлері: картоп, сарымсақ, қияр, қызанақ, баклажан, қауын, қарбыз, сүт өнімдері", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 20 тамызда Қазақстан еркін ауытқу бағамына өтті. Үкімет отырысында аймақ әкімдеріне бағаның негізсіз өсуін болдырмау тапсырылды.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама