Астанада зейнеткерлерге қаржылай көмек көрсетіледі
Халықаралық қарттар күніне орай Астанада 78 мыңға жуық зейнеткер бір реттік қаржылай көмекке ие болады, қаржы көлемі - 6 013 теңге, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

"Қарттар күніне орай 6 013 теңге (2,5 АЕК) көлемінде 78 мың зейнеткерге (минималды зейнетақы алатындардан басқалары) бір реттік материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, бұл күні олар қалалық жолаушылар көлігінің барлығында тегін жүрді. Ниет білдіргендерге тісті протездеу тегін жасалды", - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, қарттарға, мүгедектер мен мүгедек балаларға арналған сауықтыру орталығында зейнеткерлерге тұрақты түрде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Орталық Қатаркөл жағалауында Щучье-Бурабай курорттық аймағында орналасқан.
"Жыл басынан бері 4 мыңға жуық адам шипажайлық-курорттық емдеу қызметімен қамтылды, олардың арасында 1,7 мың зейнеткер, 2 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі адам бар", - деді елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасындағылар.