ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 наурыз 2018 12:23
Астанада жезөкшелерге пәтерін жалға берген әйел жазаланды
Астанада интим ?ызметтер к?рсету ?шін п?терді жал?а берген ?йелге айыпп?л салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада интим қызметтер көрсету үшін пәтерді жалға берген әйелге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сарыарқа аудандық Жергілікті полиция қызметінің өкілдері биыл әкімшілік учаске жүргізген тексеріс барысында Біржан Сал көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінің интим қызметтер көрсету үшін 3 қызға жалға берілгенін анықтады.
Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Астананың 39 жастағы тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну") әкімшілік жауапкершілікке тартылды - 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (240 500 теңге) айыппұл салынды. Сондай-ақ, оның бұл қызметі 3 айға тоқтатылды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу