Астанадағы алапат өрт түнгі сағат екіге дейін сөндірілді

© Наталья Бондарь

Астанада шыққан алапат өрт түнгі сағат екіге дейін сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкіліне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ағаштардың өртенуі туралы мәлімет 14 қазанда сағат 18.31-де түскен. Өрт Үркер ықшамауданында (Қорғалжын тас жолы) шыққан. Оқиға орнына бірінші болып жеткен өрт сөндірушілер қураған ағаштар мен қамыстардың өртеніп жатқанын анықтады, - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

"Кірме жолдар мен топырақ жамылғысының болмауынан өртті сөндіру қиындады, сонымен қатар, шөп өте қалың болды. Осыған қарамастан бастапқы екі сағатта мамандар өрттің негізгі ошақтарын ауыздықтады. Елді мекендерге аяқ алып жүре алмайтын болғандықтан өрт шыққан жердегі 3 ошақты сөндіру жұмыстары қиындады, сондықтан мамандар өртті күнделікті қолданыстағы заттардың көмегімен сөндірді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тілсіз жау түнгі сағат 01.30-да ауыздықталып, 01.50-де сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы - 0,6 гектар. Өртті сөндіруге 23 техника мен 72 адам жұмылдырылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама