14 қараша 2023 11:01

Астанадағы альпинистердің қазасы: күдікті ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Елордада құрылыс алаңында альпинистердің құлауына күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасы хабарламасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада құрылыс алаңында альпинистердің құлауына күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасы хабарламасына сілтеме жасап.

2023 жылдың 12 қазанында Астана қаласында төрт өнеркәсіптік альпинист биіктен құлап, оның үшеуі қайтыс болды.

Реклама
Реклама

Ресми мәлімет бойынша, Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Тергеу барысында жұмысшылардың өліміне жұмыс берушінің - жеке кәсіпкерлік басшысының қатысы бар екені туралы айғақтар алынды. Тергеу органы қалалық прокуратураның тапсырмасы бойынша жеке кәсіпкерлік басшысына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды", - делінген Астана прокуратурасының хабарламасында.

Қылмысқа қатысы барлардың барлығын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық тергеудің барысы қалалық прокуратураның бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram