ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 шілде 2026 17:53
Астанадағы аудандардың бірінде өрт байқалды
Астанада Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Есіл ауданындағы өртті сөндіріп жатыр. Оқиға орнынан түсірілген суреттерді Tengrinews.kz оқырмандары жолдады.
Кадрларға қарағанда, өрт елорданың сол жағалауында шыққан.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, осы сәтте елордалық құтқарушылар Есіл ауданындағы Е-871 көшесінде шыққан өртті сөндіріп жатыр.
Салынып жатқан төрт қабатты ғимараттың шатыры өртенген.
"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып, қою қара түтін шыққаны байқалды. Өрт сөндіру оқпандары дереу іске қосылып, өртті толық сөндіру үшін қажет барлық шара қабылданып жатыр", - делінген хабарламада.
"112" пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Сағат 17:44-те құтқарушылар қазіргі уақытта ашық жану тоқтатылғанын, жасырын жану ошақтарын болдырмау мақсатында су құю және құрылымдарды бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Еске сала кетейік, өткен аптада Астанада Алаш тасжолындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өртенген болатын. Өрт бірнеше күн сөндірілді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу