Астанадағы әуе базасында әскери қызметкер жарақат алды: қылмыстық іс қозғалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Астанадағы әуе базасында әскери қызметкер жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы әуе базасында әскери қызметкер жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі мәліметінше, елордадағы әскери авиациялық база аумағында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларының бұзылуы салдарынан бір әскери қызметкер жарақат алған.

"Зардап шеккен әскери қызметші дереу елордалық медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты", – деп хабарлады ведомство.

Реклама
Реклама

Оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау үшін қылмыстық іс қозғалды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама