Астанадағы автобус апаты: жүргізуші қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz

Астанада жолаушылар зардап шеккен автобус апатынан кейін қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Астана Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада жолаушылар зардап шеккен автобус апатынан кейін қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Астана Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астанада автобустың қатысуымен жолаушылардың денсаулығына ауыр зиян келтірген жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі Астана Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады полиция өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне.

Құқық қорғау органдары тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.

Реклама
Реклама

Еске салайық, кеше Астанада автобус жол бойындағы бағанаға соғылған болатын. Жол-көлік оқиғасы Республика даңғылында болған.

Оқиға салдарынан 10 адамның зардап шеккені хабарланды. Олар елорданың түрлі стационарларына жеткізілген. Екі адам Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жатқызылды.

Апат сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған: видеода автобус Республика даңғылымен баяу жүріп келе жатып, бағанаға соғылғаны көрінеді.

Бүгін жол апатында зардап шеккендердің бірі – 8 жастағы қызға ампутация жасалғаны туралы ақпарат пайда болды. Жедел жәрдем бригадалары жалпы 15 адамды ауруханаларға жеткізген. Үшеуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары үйлеріне жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама