ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қаңтар 2019 | 11:54
Астанадағы "Әзірет Сұлтан" мешітінде тәулік бойы жұмыс істейтін Call-Орталық ашылды
"Әзірет Сұлтан" мешітінде тәулік бойы жұмыс істейтін Call-Орталық ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Muslim.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Әзірет Сұлтан" мешітінде тәулік бойы жұмыс істейтін Call-Орталық ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Muslim.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Астанадағы республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінде екі бірдей қуанышты оқиға болды. Ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың өзі келіп қатысқан Call- Орталықтың іске қосылуы - Елорда жұртшылығы үшін ғана емес, еліміздің барлық тұрғындары үшін сүйінші жайт болғаны сөзсіз.
Енді еліміздің кез келген тұрғыны өзін толғандырған діни мәселелер бойынша 33-30-30 нөміріне қоңырау шалып, толыққанды жауап ала алатын болады. Халық сұранысына орай, жауапты мамандар қазақ және орыс тілдерінде сұхбат жүргізетін болмақ.
Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосылып отырған Call-Орталықтың тәулік бойы үзіліссіз жұмыс жасауы үшін Елорда мешітттерінің 60 діни қызметкері жұмылдырылған. Білікті мамандардан жасақталған топ арнайы кесте бойы кезекшіліктерін атқарып, тәуліктің кез келген уақытында келіп түскен қоңырауға жауап беріп отырады.
Сондай-ақ, 10 қаңтардан бастап Астанадағы 10 мешітте "Діни ақпарат беру орталығы" да өз қызметін бастады. Халық сұранысын қанағаттандыру мақсатында іске қосылған бұл жоба түрлі түйткілді тақырыптар бойынша (неке, талақ, несие, мұрагерлік және тағы басқа) кеңес сұраған жандармен көзбе-көз кездесіп, сырт көздерден тыс сұхбаттасуға қолайлы болу үшін қосылып отыр.
Игі жобаның алдағы уақытта халық арасында кеңінен танылып, жемісті еңбек атқара беруіне тілектестігін білдірген Бас мүфти қос Орталыққа арнайы бас сұғып, жұмыс жайымен де танысып шықты. Тіпті Call-Орталыққа қоңырау соғып, кезекші маманның әзірлігін де пысықтап өтті.
Показать комментарии
Читайте также