Астанадағы банкте адамдарды кепілге алған күдіктінің есі дұрыс деп танылды - полиция

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Кульшманов

Астанадағы Kaspi филиалында адамдарды кепілге алу ісі бойынша күдікке ілінген Әлихан Мурадов өз әрекетін түсінген. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша оның есі дұрыс деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаменті берген жауапқа сілтеме жасап.

Мурадовқа қатысты соталды тергеу биылғы 6 тамызда аяқталды. Барлық қатысушы іс материалдарымен танысқан. Прокурор күдіктіге қатысты айыптау үкіміне 15 тамызда қол қойып, іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.

"Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, тұлғаның есі дұрыс деп танылды", - деп қосты полицейлер.

Реклама
Реклама

Тергеу барысында полицейлер Әлихан Мурадовтың жалғыз әрекет еткенін анықтаған.

"Бұл қылмысқа басқа адамдардың қатыстылығы анықталмады", - деді полиция департаментіндегілер.

Бұған дейін Мурадовтың не қылмыстық, не әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны да белгілі. 2013 жылы наркологиялық диспансерде есепте тұрған.

Қазіргі уақытта Мурадов Астана қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №64 мекемесінде қамауда отыр. Соталды тергеп-тексерудің өзге мәліметтері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама