Астанадағы даңғылдардың бірінде көліктерге автобус жолағымен жүруге уақытша рұқсат етілді

Фото: Астана әкімдігі

Астанада Сығанақ көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі учаскеде автобус жолақтарымен жүруге уақытша рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанада Сығанақ көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі учаскеде автобус жолақтарымен жүруге уақытша рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, Қонаев көшесінде "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін қайта жаңғыртуға байланысты биылғы 19 ақпанынан бастап жол қозғалысын ұйымдастыруға уақытша өзгеріс енгізілген.

"Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі аралығында көлік жүктемесін азайту үшін Bus Lane, яғни автобус жолағымен жүруге уақытша рұқсат етіледі. Қала тұрғындары мен қонақтары елорда жолдарындағы өзгерістерге түсіністікпен қарап, назарға алуды сұраймыз. Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталғаннан кейін жол белгілері қайта қалпына келтіріледі", -делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілердегі ресми дереккөздерде қосымша жарияланатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама