03 сәуір 2024 | 09:24

Астанадағы ең үлкен сағат неге тоқтап қалды?

видео кадры

Орталық саябаққа жақын маңда орналасқан Астанадағы ең үлкен сағат тоқтап қалды. Бұл туралы толығырақ Tengrinews.kz тілшісіне Нұра ауданының әкімдігі өкілдері айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орталық саябаққа жақын маңда орналасқан Астанадағы ең үлкен сағат тоқтап қалды. Бұл туралы толығырақ Tengrinews.kz тілшісіне Нұра ауданының әкімдігі өкілдері айтып берді.

Еліміз жаңа уақытқа көшкен түні Тұран даңғылында орналасқан "Қазақстан күні" монументіндегі сағат тілі бір сағатқа кері жылжыған жоқ.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Реклама
Реклама

Өздеріңіз білесіздер, 1 наурызға қараған түні қазақстандықтар уақытты бір сағатқа артқа жылжытты. Бірақ "Қазақстан күнінде" ол сол күйінде қалды.

Елордалық Нұра ауданы әкімдігі мәліметінше, 2014 жылы орнатылғаннан бері сағат автоматты түрде реттеледі.

"Алайда бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесінде сағат белдеуін өзгерту кезінде уақытты автоматты түрде өзгерту функциясы қарастырылмаған. Осыған байланысты бұл сағат тоқтап қалды. Мердігер ұйымның мамандары сағатты қолмен қайта қосу жұмыстарын жүргізді", - делінген Tengrinews.kz ресми сауалына аудан әкімдігі берген жауапта.

Алайда, бір айға жуық уақыт өткеннен кейін де сағат тілінің тоқтап қалғаны байқалады.

Қазіргі уақытта сағат пен жарықтандыруды қолдау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр, деп қосты әкімдік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная