Астанадағы ескі вокзал ғимаратының төбесі опырылып түсті

Астанадағы ескі вокзал ғимаратының төбесі опырылып түсті astana_news01

Астананың ескі теміржол вокзалы ғимаратындағы асхананың төбесі опырылып түсті. Оқиға 28 маусымда таңертең болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астананың ескі теміржол вокзалы ғимаратындағы асхананың төбесі опырылып түсті. Оқиға 28 маусымда таңертең болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәліметтерге қарағанда, төбе опырылған сәтте бөлмеде 8-9 адам болған.

"Келушілердің бірі жеңіл жарақат алып, басынан қан кеткен. Қалғандары қашып шығып үлгерді", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі төбе жабындысының вокзалдың жекеменшік аумағында — "Ертас" ЖШС-нің қоғамдық тамақтану орнында опырылғанын хабарлады.

"Астана вокзалының медициналық пунктіне қоғамдық тамақтану орнының екі келушісі жүгінді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Келушілер жедел жәрдем бригадасын шақырудан бас тартты. Оқиға дерегі бойынша Астана вокзалы бастығының кезекші көмекшісі тиісті акт түзді", - делінген тасымалдаушы хабарламасында.

Ұлттық компания оқиға болған асхана жайы ескі теміржол вокзалы ғимаратының "Ертас" ЖШС жекеменшігіндегі бөлігінде орналасқанын атап өтті.

"Ғимараттың бұл бөлігі 2002 жылдан бастап жалпы ауданы 2371 шаршы метр болатын ғимарат бөлігін сатып алу-сату шарты негізінде "Ертас" ЖШС-не тиесілі. Мүліктің жеке меншікке өтуіне байланысты ол "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның технологиялық процесінде пайдаланылмайды және компания бұл нысанға иелік етуге құқылы емес", - деп түсіндірді ҚТЖ өкілдері.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама