21 наурыз 2019 17:02

Астанадағы футбол матчына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Фото ©Тұрар Қазанғапов

Астанадағы футбол матчына байланысты автокөлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы футбол матчына байланысты автокөлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы аясында 21 наурызда кешкі тоғызда "Астана - Арена" стадионында Қазақстан мен Шотландия құрамалары матч өткізеді.

Реклама
Реклама

"Соған байланысты 20:00-ден бастап Қабанбай батыр даңғылы Керей, Жәнібек Хандар көшесінен Ұлы дала даңғылына дейін ішінара жабылады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін қоғамдық көліктерге басымдық беріледі", - деп жазылған хабарламада.

Астана полициясы жеке машиналардан бас тартып, қоғамдық көлікпен жүруді ұсынады. Халықаралық Астана әуежайы ауданына немесе жақын ауылдарға баруды жоспарлап отырғандарға алдын ала басқа жолдарды таңдаған жөн.

Қолайлылық үшін 19:00-ден 20:00-ге дейін футбол матчының жанкүйерлеріне арналған арнайы рейс автобустары (шатлдары) үш жерден қатынайды:

- "Қазақстан" СК тұрағы (Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінен);

- "Нұр Астана" мешітінің тұрағы (шығыс жағынан);

- елордалық цирк тұрағы (Қорғалжын шоссесі жағынан).

Көрермендерді кері апарып тастау үшін үш жерден келген автобустар (шатлдар) "Астана Арена" стадионы" аялдамасында күтеді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram