29 қараша 2022 | 17:21

Астанадағы газ құбырының зақымдануы: кінәлілер аталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Астана әкімдігі мен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Көктал-1 тұрғын алабындағы газ құбырының бүлініп, салдарынан 200-ден аса үй газсыз қалғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігі мен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Көктал-1 тұрғын алабындағы газ құбырының бүлініп, салдарынан 200-ден аса үй газсыз қалғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда әкімдігі мәліметінше, Көктал-1 тұрғын алабындағы газ құбырында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 29 қарашада сағат 9:20-дағы жағдай бойынша 153 абонентке газ беру қалпына келтірілген. Бұл-Ақан сері, Қараменде би Шақұлы, Сұлутал, Сүйінбай Ақын, Айдархан Тұрлыбаев көшелерінің тұрғындары. Үшінші ГТШП бойынша бу қондырғысы бар арнайы көлікпен 75 абонентке ГТПШ жылыту жұмысы ұйымдастырылған.

Реклама
Реклама

"ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясы Көктал-1 тұрғын алабындағы жедел топ түні бойы жұмыс істегенін атап өтті.

"Көктал-1 тұрғын алабы абоненттерінің бір бөлігіне газ беру 28 қарашада сағат 18:40-та "ГАЗОВИК" ЖШС инжинирингтік компаниясының келісілмеген жер жұмыстарын жүргізуі барысында орташа қысымды газ құбыры зақымданғанына байланысты тоқтатылды.

Жеке компанияның құрылыс техникасы Шұғыл көшесі бойындағы №14, 15, 16 газ реттеу пункттерін көгілдір отынмен қамтамасыз ететін газ құбырын зақымдап, салдарынан Көктал-1 учаскесінде газ беру тоқтатылды. 236 абонент газсыз қалды", - деп түсіндірді компанияда.

"Сарыарқа" ауданы әкімдігінің аппаратында штаб құрылған. Аудан әкімдігі көмір тасымалдауды ұйымдастырды. Қазіргі уақытта абоненттердің бір бөлігі газға қайта қосылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram