Астанадағы жолдың бір бөлігі 10 күнге жабылады

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Астанадағы жолдың бір бөлігі 10 күнге жабылады Фото: Tengrinews.kz

Астана әкімдігі 12 мамырда Мұқанов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлады, деп жазады Tengri Auto.

Астана әкімдігі 12 мамырда Мұқанов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлады, деп жазады Tengri Auto.

Баршын көшесінен айналма жолға дейінгі аумақта С.Мұқанов көшесінің бойында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты 12 мамыр мен 22 мамыр аралығында аталған аумақта көлік қозғалысы жартылай жабылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағытты алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз", - деп хабарлады елорда әкімдігі.

Жарнама
Жарнама

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа уақытша жол белгілері мен бағыт белгілері орнатылады.

"Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауларыңызды және қала бойынша қозғалысты жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз", - деді әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарына.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама