ПОДЕЛИТЬСЯ
04 маусым 2024 | 17:40
Астанадағы көпірлердің бірі жартылай жабылады
Астанада Қараөткел көпірі жөндеу жұмыстарына жартылай жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада Қараөткел көпірі жөндеу жұмыстарына жартылай жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада биыл 5 маусым сағат 21:00-ден 1 шілде сағат 6:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Бараев көшесі жағынан Қараөткел көпірі жартылай жабылып, орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отырғаны хабарланды.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген учаскедегі қозғалыс екі бағытта да бір жолақ бойынша жүзеге асырылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсінікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также