Астанадағы LRT құрылысы: іске қосу мерзімі өзгерді

Дина Шарипханова Корреспондент
Астанадағы LRT құрылысы: іске қосу мерзімі өзгерді Фото ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

Елордада LRT іске қосу мерзімі шегерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордада LRT іске қосу мерзімі шегерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы LRT жобасының іске қосылуы 2025 жылға жоспарланған болатын. Енді бұл мерзім келесі жылға шегерілді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

"Келесі жылы сынақ режимінде іске қосу басталады, келесі жылдың аяғында", – деді Скляр Ақордада клуарында.

Жарнама
Жарнама

Сонымен қатар, ол келесі жылы жолаушылар тасымалы да басталатынын растады.

Еске салайық, қаңтарда Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылыс жұмыстары 2025 жылдың жазында аяқталатынын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама