ПОДЕЛИТЬСЯ
09 мамыр 2023 | 10:54
Астанадағы Мәңгілік ел даңғылы жартылай жабылады
Астанадағы Мәңгілік ел даңғылы жартылай жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанадағы Мәңгілік ел даңғылы жартылай жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Астанада Мәңгілік ел даңғылында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 10 мамыр мен 4 маусым аралығында "Мәңгілік ел" салтанат қақпасынан (Триумфальная арка) Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады", - делінген хабарламада.
Астана тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс тудырмау үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлағаны абзал.
Сондай-ақ, 8-12 мамыр аралығында Толағай көшесі мен Қараөткел көшесінен Оңдасынов көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысы толығымен жабылғаны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также