ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2023 | 12:55
Астанадағы мектепте оқушының баспалдақтан құлап кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева оқушы баспалдақтан құлап кеткен мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс басталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева оқушы баспалдақтан құлап кеткен мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс басталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астанадағы мектепте бала баспалдақтан құлап кеткен оқиғаға қатысты. Мен оның анасымен байланыстамын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа ауыр, жақсарып келеді. Есін біледі", - деді Зәкиева.
Ол әлеуметтік желідегі баланың комада жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Зәкиева оқушы сұрақтарға жауап беретінін, дәрігерлердің нұсқауларын орындайтынын және оның танымдық функциялары да сақталғанын түсіндірді.
"Мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мектептің оқу жылына дайындық сапасы тексеріліп жатыр", - деді балалар омбудсмені.
Баспалдақтан құлап кеткен: Астанадағы мектеп оқушысының жағдайы туралы не белгілі?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также