22 тамыз 2024 | 16:27

Астанадағы музыка мектебіне шұғыл жөндеу жұмыстары қажет

Видео кадры

Астанада №2 мемлекеттік музыка мектебі адамшошырлық жағдайда. Бұл туралы оқушылардың ата-аналары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада №2 мемлекеттік музыка мектебі адамшошырлық жағдайда. Бұл туралы оқушылардың ата-аналары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқушылардың ата-аналары Tengrinews.kz редакциясына видео жіберіп, шағымданды. Кадрлардан ғимараттың төбесі ішінара бөлшектелгенін, одан су тамшылап тұрғанын көруге болады. Бөлменің қабырғалары ылдалданып кеткен, ал едендер ылғалға байланысты түрі өзгерген. Жерге төбеден ағып жатқан су жиналуы үшін шелектер қойылған.

Реклама
Реклама

Мектеп әкімшілігі ғимараттың жағдайына қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, үй-жай мектепке 2022 жылы қара сылақпен берілген. Білім беру мекемесінің өз қаражаты есебінен ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алайда көп ұзамай төбеден су ағу проблемалары басталған.

"Қыста төбеден су ағып басталды. Маусымда құрылыс басқармасының өкілдерімен, құрылыс салушымен, мектептің, Астананың спорттық медициналық орталығының қызметкерлерімен бірлескен тексерістен кейін құрылыс салушы осы мәселені шешуге кірісті. Жұмысты оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр", — деп хабарлады мектеп әкімшілігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная