Астанадағы ірі даңғылдың бір бөлігі жөндеуге жабылады

Фото: depositphotos.com

Астанада Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Астанада Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Мәңгілік Ел даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлайды.

"Осыған байланысты, 28-30 маусымы аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсінікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама