23 мамыр 2024 11:31

Астанадағы ірі даңғылдың бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: depositphotos.com

Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі уақытша жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі уақытша жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қазіргі уақытта Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі Қабанбай батыр даңғылында, атап айтқанда, дөңгелек алаңның үстіндегі көпірде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Осы жылдың 22-24 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылы бойынша Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі жол учаскесі толығымен жабылады.

Бұл ретте Сығанақ көшесі ашық күйінде қалып отыр. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды және аталған шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram