Астанадағы ірі өрт: жанып жатқан коттеджден бала құтқарылды

Астанадағы ірі өрт: жанып жатқан коттеджден бала құтқарылды Фото: t.me/astana112_tjd

ТЖМ құтқарушылары Астанадағы Қосалқа көшесі бойында өртенген екі қабатты коттеджден баланы құтқарып алды. Өрт ауыздықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ құтқарушылары Астанадағы Қосалқа көшесі бойында өртенген екі қабатты коттеджден баланы құтқарып алды. Өрт ауыздықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

19 мамырда түстен кейін Алматы ауданындағы Қосалқа көшесінде екі қабатты ғимарат өртенді. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Жарнама
Жарнама

ТЖМ мәліметінше, тұрғын емес ғимараттың шатыры жанған. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде, от шатырды толық шарпыған болатын.

Өрт өршіп кеткен, ал оны сөндіру жұмыстары жанғыш материалдардың көптігі мен қою түтін салдарынан қиындады.

Сол сәтте "112" пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өрт арада екі сағатқа жуық уақыт өткенде толық сөндірілді

Сағат 17:26-да ТЖМ өрт оқшауланғанын хабарлады, бұл жалынның таралуы тоқтатылғанын, бірақ от әлі толық сөнбегенін білдіреді.

Сағат 17:52-де жалпы ауданы 900 шаршы метрге жеткен өрт жойылды.

"Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер коттеджден баланы құтқарып алды. Сондай-ақ екі газ баллоны сыртқа шығарылып, болуы мүмкін жарылыстың алды алынды", - деп хабарлады министрлік.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Нақтыланған мәліметтер бойынша, тұрғын емес екі қабатты ғимараттың шатыры мен екінші қабаты, сонымен қатар іргелес орналасқан екі қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама