21 қараша 2020 | 10:34

Астанадағы сауда орталықтарының сенбі күндері жұмыс істеуіне рұқсат етілді

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, астанадағы сауда орталықтарының сенбі күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, астанадағы сауда орталықтарының сенбі күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауда орталықтарындағы адам саны 30 пайыздан аспауы керек. Енді сауда орталықтары жұмыс күндері 10:00 мен 23:00 аралығында, сенбі күндері 10:00 мен 20:00 аралығында жұмыс істейді. 

Реклама
Реклама

"Бұл нысандарды және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, ойын орталықтарының, кинотеатрлардың, фудкорттардың жұмысына қатаң тыйым салынады. Карантин және шектеу шараларын бұзу дерегі анықталған кезде сенбі күндері жұмысына тыйым салуды қамтамасыз ету керек", - делінген хабарламада. 

Құжаттың толық нұсқасымен мына жерде танысуға болады. 

Қаулы 2020 жылдың 24 қарашасында күшені енеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная