06 наурыз 2019 | 16:40

Астанадағы "Шапағат" базары 1,3 миллиард теңгеге сатылды

Астанадағы "Шапағат" базары 1 миллиард 335 миллион теңгеге сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі электронды сауда алаңының сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы "Шапағат" базары 1 миллиард 335 миллион теңгеге сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі электронды сауда алаңының сайтына сілтеме жасап.

Сайттағы мәліметке қарағанда, базар 1 миллиард 335 миллион 100 мың теңгеге сатылған. Бастапқы бағасы 1 329 971 984 теңге болған. Сатып алу-сату шарты бойынша, базардың жаңа иесі он жыл ішінде серіктестік қызметінің профилін сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, бекітілген баға прейскурантына сәйкес 3 жыл бойы жалдау құнын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.

Реклама
Реклама

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысымен айқындалған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жеткізуші бағасының 10 пайызынан аспайтын сауда үстемесін тіркеу және сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап 10 жыл бойы сиыр етін (жауырын-кеуде бөлігін) сату бөлігінде жалдау шарттарында ережелердің сақталуын және орындалуын қамтамасыз етуге міндетті", - делінген тендердің шартында.

Бұдан бөлек, сатып алушының 3 жыл ішінде сауда орындарының саны мен функционалдық мақсатын сақтауды, серіктестік мүлкінің аумағында техникалық пайдалану, өртке қарсы қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау ережелерін, терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама нормаларын қатаң сақтауды қамтамасыз етуге міндетті екені айтылады.

Сонымен қатар, сауда алаңындағы мәліметтерге сүйенсек, базардың жаңа иесі10  жыл ішінде азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорының өнімдерін сату үшін базар ғимаратында кемінде бес сауда орнын өтеусіз беруге міндеттеледі.

"Сатып алу-сату туралы келісімге қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей тендер қорытындылары бойынша анықталған сомадан сатып алудың 30 пайыз мөлшерінде аванстық төлемді, сонымен қатар салымның қалған 70 пайыз сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде төлеуге міндетті", - делінген электронды сауда алаңының сайтында.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная