Астанадағы стоматологияда қаза болған үш жасар қыздың ісі: сот үкімі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Астанадағы стоматологияда қаза болған үш жасар қыздың ісі: сот үкімі шықты Фото: Сот отырысынан

Астанада жекеменшік стоматологиялық клиникада үш жасар баланың қаза табуына қатысты атышулы сот процесі аяқталды. Сот анестезиологты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада жекеменшік стоматологиялық клиникада үш жасар баланың қаза табуына қатысты атышулы сот процесі аяқталды. Сот анестезиологты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот шешімі

Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі ("Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру") бойынша кінәлі деп таныды.

Реклама
Реклама

Судья Қажымұқан Мекемтас айыпталушыға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, 3 жылға медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырды. Алайда айыпталушы Конституцияның 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылық туралы заңға сәйкес негізгі жазадан босатылды.

Судьяның айтуынша, үкім күшіне енгеннен кейін А.Ж. тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне тіркелуі тиіс. Осылайша, сотталған дәрігер анестезиолога бас бостандығынан айырылмайды, алайда үш жыл бойы медициналық практикамен айналыса алмайды.

Оқиға қалай болған?

Қайғылы жағдай 2024 жылы 30 қазанда болған. Әкесі қызының 3,5 сағатта жалпы наркоздан кейін оянбағанын айтады. Алайда процедура 3 сағатқа жоспарланған. Әкесі дәрігерлер 18 тісті бірден емдемек болғанын айтты.

Сараптама нені көрсетті?

Прокурор сотта медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сараптама қорытындысын оқып берді. Құжаттарда бірқатар заңбұзушылық анықталған:

  • стоматологиялық карта болмаған;
  • келісім құжаты дұрыс толтырылмаған;
  • консультациялар мен диагноздар толық көрсетілмеген;
  • видеожазбамен сәйкес келмейтін деректер бар: кетотифен, супрастин, кальций сияқты препараттар енгізілген, бірақ құжаттарда жазылмаған.

Сараптама анестезиологтың балада қарсы көрсетілімдер болғанына қарамастан наркоз жасағанын анықтады: тромбоциттер мен электролиттер төмен, педиатрдың рұқсаты жоқ, қажетті тексерулер жүргізілмеген.

Қорытындыға сәйкес, анестезия басталған сәттен бастап науқастың жағдайы күрт нашарлаған уақытқа дейін капнография мүлде жүргізілмеген. Сондай-ақ жүрек-өкпе реанимациясының протоколы - ондағы уақыт, ұзақтығы және енгізілген препараттардың мөлшері құжаттарға тіркелмеген. Артериялық қысым да өлшенбеген.

Баланың жағдайы нашарлағаннан кейін сарапшылар бірнеше ауыр заңбұзушылық жасалғанын анықтаған.

Прокурордың айтуынша, анестезиолог баланың жағдайы қиындай бастаған кезде наркозды керісінше тереңдете берген. 13:55-де анестетик беру тоқтатылғанымен, сол сәтте баланың қысымы 80-ге дейін төмендеген. Алайда 13:58-де дәрігер анестетиктің мөлшерін қайтадан 8 пайызға дейін көбейтіп, баланы тереңірек наркозға енгізген.

Бұдан бөлек, кардиомониторинг наркоз кезінде де, баланың жағдайы нашарлағаннан кейін де жүргізілмегені айтылды.

Сондай-ақ прокурордың сөзінше, жағдай ушыққан кезде жүрек қызметін ынталандыру мақсатында адреналин 0,1 мг дозада енгізілген, алайда бұл мөлшер балаларға арналған жас нормасына сәйкес келмейді.

Қыздың өліміне не себеп болған?

Сараптамаға сәйкес, өлім тіндік гипоксиядан (оттегі жетіспеушілігі) басталып, мидың ауыр ісінуіне әкелген. Бұл жағдай наркоз, өкпенің жасанды желдетілуі, екі жақты пневмония және жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің үйлесуімен күрделене түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама