Астанадағы Ұлы Дала даңғылында көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Фото:depositphotos.com

Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы Дала даңғылының Әл-Фараби даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскесі ішінара жабылатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 сәуір мен 3 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама