Астанадағы үйлер мен кеңселерде жылу қашан қосылады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Астанадағы үйлер мен кеңселерде жылу қашан қосылады? Freepik

Астанада жылыту маусымы 5 қазаннан басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада жылыту маусымы 5 қазаннан басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қалада жылыту маусымы 5 қазаннан басталады. Бұған дейін өтініш бойынша әлеуметтік нысандар (мектептер, балабақшалар, ауруханалар) қосыла бастады. Жылуға 116 әлеуметтік нысан қосылған", -делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін "Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері Алматыда жылыту маусымы қашан басталатынын айтқаны хабарланған еді.

Жарнама
Жарнама

"Алматының жылыту маусымына дайындық қағидаларына сәйкес уәкілетті органның қаулысы бойынша ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +8 градус және одан төмен болған кезде бес тәулік ішінде нысандарға жылу кезең-кезеңімен қосылады", - делінген еді хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама