ПОДЕЛИТЬСЯ
19 желтоқсан 2023 | 17:12
Астанадан Қарағандыға шығып, хабар-ошарсыз кеткен такси жүргізушісі табылды
Полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен елорда тұрғынын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен елорда тұрғынын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана ПД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі кентінде компьютерлік клубта хабар-ошарсыз кеткен астаналықты анықтаған.
Бұған дейін "Байқоңыр" ауданы ПБ-на елорда тұрғыны жүгініп, жалға алынған "Chevrolet Cobalt" маркалы автокөлікпен такси болуға кеткен 18 жастағы ұлын іздестіруге жәрдемдесу туралы өтініш білдірген.
"Жігітті іздеуге Астана қаласы ПД жеке құрамы мен берілген күштер бағытталған. Адамдардың жаппай шоғырлану орындары, жатақханалар мен қонақ үйлер тексерілді, хабар-ошарсыз кеткен адамның араласатын ортасы орнатылды, бейнебақылау камералары қаралды. Тексеру барысында оның Астана қаласынан Қарағанды қаласына шығып, кейін Алматы облысына келгені анықталды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін астаналық 18 жастағы такси жүргізушісі Нұрсұлтан Жәнібекұлы Қарағандыға кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланды.
Ол 9 желтоқсанда Астанадан Қарағандыға тапсырыс алады. Куәгерлердің айтуынша, кейін Қарағандыдан Алматыға кеткен. Осыдан кейін байланысқа шықпаған.
Астанадан Қарағандыға шыққан такси жүргізушісі із-түзсіз жоғалып кетті
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также