Ауа райының қолайсыздығына байланысты сағат 14:00-ден бастап Астанадан шығатын барлық бағыттағы тасжолдарда көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция жүргізушілерді уақытша сапарлардан бас тартып, елді мекендерде қалуға және қала сыртындағы "Рубеж" бекеттеріне бармауға шақырады. Бұл жол кептелістерінің алдын алып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған коммуналдық және шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтірмеу үшін қажет.
"Аталған шараларды сақтау тиісті қызметтердің жұмысын жеңілдетіп, қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді полиция өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!