09 наурыз 2022 | 16:07

"Астанаэнергосбытқа" айыппұл салынуы мүмкін

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

"Астанаэнергосбыт" компаниясына айыппұл салынып, тұтынушыларға ақшаны қайтаруға міндеттелуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Астанаэнергосбыт" компаниясына айыппұл салынып, тұтынушыларға ақшаны қайтаруға міндеттелуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, "Астанаэнергосбыт" компаниясы 2021 жылғы қараша, желтоқсан және 2022 жылғы қаңтарда электр энергиясын пайдалану қағидаларының 64-тармағына сәйкес (Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген), елордалық тұтынушыларға орташа тәуліктік есеп айырысу көрсеткіштерін берген.

"Азаматтық кодекс, "Электр энергетикасы туралы" Заң және тұрмыстық тұтынушыларға арналған Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты тұтынушылардың электр энергиясы үшін ақы төлеуі коммерциялық есептеу құралдарының нақты көрсеткіштері негізінде жүргізіледі", - делінген баспасөз хабарламасында.

Реклама
Реклама

"Астанаэнергосбыт" ЖШС-не қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 167-бабы бойынша хаттама толтырылғаны хабарланды.

"Бапта 6 126 000 теңге айыппұл қарастырылған. Комитет заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды, ол сондай-ақ коммерциялық электр энергиясын есепке алудың нақты көрсеткіштері бойынша тұтынушыларға қайта есептеуді қарастырады", - деп толықтырды ведомстводан. 

"Астанаэнергосбыт" ЖШС баспасөз қызметі хаттамамен келіспей, материалдарды Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарауға беру туралы өтініш бергенін атап өтті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная