ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қаңтар 2023 | 12:14
Астанаға барар жолда 200-ден аса көлік тұрып қалды
Қарлы боран салдарынан Теміртаудан Астанаға шығаберіс жолда екі жүзден аса көлік жиналып қалды. Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғапов Қарағандыдан Астанаға қарай шығып, кешкі сағат 8-ден бері автожол терминалында 15 сағаттан аса уақыт тұр.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарлы боран салдарынан Теміртаудан Астанаға шығаберіс жолда екі жүзден аса көлік жиналып қалды. Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғапов Қарағандыдан Астанаға қарай шығып, кешкі сағат 8-ден бері автожол терминалында 15 сағаттан аса уақыт тұр.
"Кеше түстен кейін Қарағандыдан Астанаға шықтық. Кейбір жерлерде боран болды. Сұрыптау станциясы маңында көліктер тұрып қалғанын байқадым. Олар шығарылды. Мен бұрылып, үйге қайттым. Бірнеше сағаттан кейін QazAvtoJol-да Астанаға жол ашылғаны туралы хабарланды. Мен шығып, жолды тазартатын арнайы техника артынан жүрдім.
Теміртауға дейін жақсы жеттік. Теміртаудан кейін боран соқты, бірақ қалыпты жүрдік. Астанаға кіреберістегі жол терминалына кешкі сегізде жеттік", - деді Тұрар Қазанғапов.
Терминалдан әрі қарай жол жабық болған. Түнде кезекте тұрған көліктерді қар басып қалды. Боран түні бойы тоқтамаған.
"Бізді осында 15 сағаттан аса ұстап отыр. Алда үлкен көлік колоннасы бар екенін айтты. Оларды күтуіміз керек. Таңертең үш арнайы техника өтті. Олар тазалап, біз солардың соңынан еретіндей, ақырындап кіргізуге болар еді", - дейді Тұрар.
Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі көліктердің көп екенін растады, бірақ түнде қарлы боранның күшеюі мен жолдың нашар көрінуіне байланысты оларды жолға шығару мүмкін болмаған.
"231 көлік (терминалда жинақталған. - еск.). Сағат 12:00-де қозғалыс ашылады. Қауіпсіздік мақсатында оларға арнайы көлік еріп жүреді, өйткені ауа райы әлі қолайсыз. Қазір техника тазартып жатыр. Жол сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін ашық болады, кешкі сағат бесте қайтадан жабамыз", - деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также