ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қаңтар 2024 | 12:20
Астанаға блокбекеттер қажет пе? ІІМ басшысының жауабы
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанаға кіреберісте бақылау-өткізу бекеттерін орнатуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанаға кіреберісте бақылау-өткізу бекеттерін орнатуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрден елорда мәслихатының депутаты Азамат Айтхожиннің жолға блокбекет орнату туралы ұсынысына қалай қарайтыны сұралды.
"Бізде еркін жүріп-тұрады. Астананы шектеу - бұл қажет емес деп ойлаймын. Бізде қанша адам (қалаға кіріп жатыр - еск.), жылдам бақылауға жеткілікті мүмкіндік бар. Ал қаланы жабудың қажеттілігін көріп тұрған жоқпын", - деп Ержан Сәденов сұраққа жауап берді.
Министр полиция бақылау-өткізу бекеттері болмаса да тәртіпбұзушылар туралы хабардар екенін айтты: "Күш те, құралдар да бар".
"Сондықтан, қажеттілік жоқ. Бұрын барлық жерде (блокбекет - еск.) болған, оларды алып тастадық. Негізгі магистральдарда ғана бар, ал қаланы жабудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бірақ шекараларымызда тұр. Пандемия кезінде, төтенше жағдайларға, ол - әкімдіктің балансында", - деп қосты ІІМ басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также