ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 маусым 2026 14:21
Астанаға Черногория президенті келеді
Черногория президенті Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
18-20 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Черногория арезиденті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапармен келеді.
19 маусымда тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылайды.
Мәртебелі мейманның келуі қарсаңында Астананың орталық көшелері мен даңғылдары Қазақстан мен Черногорияның мемлекеттік туларымен безендірілді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу