27 ақпан 2024 | 17:25

Астанаға жаңа қала қосыла ма? Жеңіс Қасымбек мәлімдеме жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Қосшы мен қала маңындағы елді мекендерді елордаға қосу жоспарланған ба деген сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Қосшы мен қала маңындағы елді мекендерді елордаға қосу жоспарланған ба деген сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасымбек қаңтарда қаланы дамытудың 2035 жылға дейінгі бас жоспары бекітілгенін еске салды.

"Биыл қаңтарда 2035 жылға дейін Астана қаласын дамытудың бас жоспары бекітілді. Сондықтан осы құжат негізінде мәлімдеме жасай аламын. Құжатқа сәйкес, осы кезеңде Қосшыны Астана қаласына қосу жоспарланбаған", - деді қала әкімі Үкіметтің баспасөз орталығында.

Реклама
Реклама

Жеңіс Қасымбек Астанаға жақын орналасқан елді мекендерді тиісті әлеуметтік нысандар салынатынын жеткізді.

"Алдағы уақытта (елордаға) жақын орналасқан елді мекендерді қалаға қосу жоспарда жоқ. Біз Ильинка, Үркер елді мекендері қалаға тиіп тұрғанын білеміз. Олар бір елді мекен, ортасын жол бөліп тұр. Ильинкада тұратын балалар Үркерде оқып жатыр. Қазір біз Ильинкада 2 мектеп салып жатырмыз. Себебі, онда 30 мыңнан аса адам тұрады. Болашақта осындай мәселе туындауы мүмкін. Алайда қазір ресми түрде ондай құжат жоқ", - деді ол.

Айта кетейік, 2021 жылғы шілдеде Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала мәртебесін алған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная