24 желтоқсан 2018 | 17:23

Астаналық депутат-модель соққы көргені жайлы айтып берді

© instagram.com/dinagul.tasova

Астанадағы Жастар мәслихатының депутаты (жергілікті атқарушы органдар мен Астана мәслихатына қатысы жоқ үкіметтік емес ұйым) Динагүл Тасова Желіде жарияланған суреттерден кейін оны жігітінің ұрып-соққанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы Жастар мәслихатының депутаты (жергілікті атқарушы органдар мен Астана мәслихатына қатысы жоқ үкіметтік емес ұйым) Динагүл Тасова Желіде жарияланған суреттерден кейін оны жігітінің ұрып-соққанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Динагүл Тасова Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында осы жағдай жайлы толығырақ айтып берді.

Реклама
Реклама

"Иә, бұл рас. 8 желтоқсанда кешкі уақытта болды. Фотосессияға 10 күннен кейін бардым. Сол жағдайдан кейін бірнеше күн өтті. Жағдайым нашар болды. Не болғанын өзім түсінбей қалдым. Есеңгіреп қалдым. Бірнеше күн өз бетімше жүре алмадым. Денем ауырды", - дейді ол.

Сондай-ақ, Тасова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы екенін айтып өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinagul Tasova (@dinagul.tasova) 23 Дек 2018 в 11:55 PSTа.

"Қазір көбі үндемей отыр, айта алмайды, үйінде бір сұмдық жағдай болса да айта алмайды. Біреуге хабарласып, көмек сұрауға мүмкіндігі жоқ. Осының барлығын суреттер арқылы жеткізгім келді. Барлығын бастан өткеруге болады, бірақ әрдайым өзіне бекем болып, алға ұмтылу керек", -дейді Тасова.

Осыған қарамастан модель полицияға арыз түсірмепті. Сондай-ақ, Тасова осы суреттерді оны ұрып-соққан адамға көрсеткісі келгенін айтады.

"Мен оған не істегенін көрсеткім келді. Ол маған жақында жазған болатын, кешірім сұрады. Бұлай жасамауы керек екендігін айтты. Есінде ештеңе қалмағанын және қызғаныштан өзін ұстай алмағанын айтты", - дейді Тасова.

Модельдің айтуынша, ол осы күнге дейін ешқашан да ішкиімсіз түскен суретін жарияламаған.

"Осыған дейін ішкиіммен түскен суреттерім жарияланған болатын. Ол барлығын көріп жүрді, барлығын да білді. Сол кезден бастап маған қол көтере бастады. Қазақстандықтардың бұл суретті негатив қабылдағаны оның намысына тиді. Ол суретке қалдырылған пікірлердің жағымсыз екенін айтты. "Көбі сені жеңілтек қыз деп ойлайды. Сені ешкім де модель ретінде қабылдағысы келмейді" деді. Проблема осында. Біздің халық fashion-индустрияға әлі дайын емес, - деді Тасова.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная