ПОДЕЛИТЬСЯ
16 наурыз 2021 | 17:38
Астаналық кәсіпкерлер 3 миллион теңге айыппұл төлейді
Астаналық кәсіпкерлер рұқсатсыз орынға қоқыс шығарғаны үшін үш миллион теңге айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астаналық кәсіпкерлер рұқсатсыз орынға қоқыс шығарғаны үшін үш миллион теңге айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Санкцияланбаған қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау, сондай-ақ елорда аумағының экологиялық жағдайын сақтау мақсатында қалада құрылыс объектілерінің тиісті қағидаларды сақтауы және Экополигонға құрылыс қоқыстарын шығару жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындау тұрғысынан рейдтік тексерулер мен мониторинг жүргізіледі.
Рейдтік шаралар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы Экология департаментінің, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің, "Эко полигон Астаны" ЖШС және "Клин сити" ЖШС-мен бірлесіп жүргізіледі.
Мысалы 2021 жылдың ақпан және наурыз айларында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті табиғат қорғау полициясы бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының "абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін..." шағын және орта бизнестің 151 субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 29 құрылыс ұйымы мен 31 мердігерлік ұйымға жалпы сомасы үш миллион теңге айыппұл салынды. Белгіленбеген орында қоқыс шығарғаны үшін жүк көлігінің 10 жүргізушісіне 460 мың теңге айыппұл салынды.
Айта кетейік, рейдтік шаралар ары қарай да жалғасады. Заңды қасақана бұзушыларды құрылыс лицензиясынан айыруға, жүк тасымалдау қызметін тоқтатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылатын болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также