26 тамыз 2024 | 14:22

Астаналық оқушылар онлайн тегін жол жүру билетін қалай рәсімдей алады?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Енді астаналық оқушылар қала автобустарында тегін жол жүру билетін онлайн рәсімдей алады. Бұған дейін құжатты рәсімдеу үшін City Transportation Systems кассаларына бару керек болған. Көлік компаниясы онлайн қызметті алу туралы толық нұсқаулық берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Енді астаналық оқушылар қала автобустарында тегін жол жүру билетін онлайн рәсімдей алады. Бұған дейін құжатты рәсімдеу үшін City Transportation Systems кассаларына бару керек болған. Көлік компаниясы онлайн қызметті алу туралы толық нұсқаулық берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылы 26 тамыздан бастап оқушылар мен азаматтардың жеңілдетілген санаттары үйден шықпай-ақ виртуалды тарифтерді рәсімдей алады, ресімдеу онлайн режимде жүзеге асырылады.

Көліктегі валидацияны смартфон арқылы Avtobys мобильді қосымшасына кіріп, QR кодын сканерлеу, Bluetooth немесе көлік құралының нөмірін енгізу арқылы жүргізуге болады, телефон интернетке қосылған болуы міндетті, бірақ теңгерімде қаражат болуы талап етілмейді.

Реклама
Реклама

Виртуалды тарифті рәсімдеуге өтінім беру үшін:

  • баланың смартфонына App Store немесе Google Play қосымшасынан Avtobys қолданбасын орнатыңыз және жәрдемақы алушының телефон нөмірін пайдаланып қолданбаға кіріңіз;
  • немесе transcard.kz сайты арқылы "виртуалды тариф" бөлімінде өтініш беріңіз. Барлық деректі енгізіп, қажетті құжатты тіркеңіз: 3 x 4 түсті фотосурет, туу туралы куәлік, egov.kz сайтынан оқу орнынан анықтама немесе білім туралы мәліметтер, сондай-ақ жеңілдікті растайтын құжат.

Өтініш мақұлданғаннан кейін виртуалды тариф Avtobys қолданбасында пайда болады және сіз оны пайдалана аласыз.

Білу маңызды:

  • қауіпсіздік мақсатында виртуалды тариф пайдаланушының құрылғысына байланысты болады. Құрылғы немесе телефон нөмірі өзгерген жағдайда Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайы бойынша CTS мамандандырылған кассасына хабарласу қажет;
  • көлік картасын виртуалды тарифпен қатар пайдалануға болады. Пайдаланушы өз қалауы бойынша виртуалды тарифті немесе жеңілдік картасын пайдалана алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram