Астаналық VIP-такси: полиция кортежіндегі Cobalt желі жұлдызына айналды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Желіде Астана көшелеріндегі кортеждің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Астана көшелеріндегі кортеждің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16-18 маусым аралығында елордада екінші "Қытай – Орталық Азия" саммиті өтті. Соған байланысты қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жолдарда қосымша полиция жасақтары қызмет атқарды, олар ірі кортеждермен жүрді. Сол кортеждердің біріне кездейсоқ көлік қосылып кеткен.

Кадрларда жасақталған полиция көліктерінің колоннасы салтанатты түрде көшеде жүріп келе жатқаны көрінеді, ал кортеждің арасында қарапайым Chevrolet Cobalt көлігі байқалады.

Реклама
Реклама

Желі қолданушылары бұл жағдайды назардан тыс қалдырмай, пікірлерде түрлі болжамдар жазған.

"Күзетпен такси шақырған кезде", "Меніңше, жүргізуші өзі не болғанын түсінбей қалған", "Осы сәтті пайдаланып, кептеліссіз жүріп өтуді шешкен", "Бренд жарнамасы деген осы", – деп жазды қолданушылар.

Сонымен қатар, көпшілік такси агрегаторын белгілеп, кейбірі бұл жүргізушіге сыйақы тағайындауды сұраған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама