26 қараша 2018 | 08:02

Астаналықтар ашық құдықтар туралы ақпаратты iKomek орталығына хабарлай алады

Камила Долаева Журналист
© astana.gov.kz

Астана әкімдігі тұрғындардан қауіпті ашық құдықтар туралы ақпаратты iKomek орталығына мәлімдеуді сұрайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімдігі тұрғындардан қауіпті ашық құдықтар туралы ақпаратты iKomek орталығына мәлімдеуді сұрайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына ашық құдықтар мен құдық қақпақтарының сынғаны туралы ақпаратты жіберуге болады", - делінген орталықтың хабарламасында.

Реклама
Реклама

Ақпаратты iKomek орталығына келесі тәсілдер арқылы жолдауға болады:

109 нөміріне қоңырау шалу (қалалық және ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін); хабарламаны Telegram-дағы: https://t.me/astanaikomek109_bot чат-ботына жіберу, өтінішті әкімдіктің astana.gov.kz сайтына жолдау.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды #astana109, #ҚалалықiKomekмониторингжәне жеделәрекететуорталығы, #109 #astana109 #ЖеделӘрекетету, #Пайдалы Ақпарат, #ҚалаБүгін, #БізЕлордадағыЫңғайлыӨмірҮшін, #Астана #Астанада #Астана109 #Ikomek #Ikomek109 #Ikomekastana #Елордадағыоқиғалар хештегтерімен белгілеуге болады.

Еске сала кетейік, Астанада жоғалып кеткен 13 жастағы қыздың денесі ашық тұрған құдықтан табылған. Ол 24 қарашада жоғалып кеткен. Жасөспірімнің қайтыс болғаны туралы ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі өкілдері растады. Ведостводағылардың айтуынша, қыздың денесі Қошқарбаев пен Өзбек Әли Жәнібек көшелерінің қиылысындағы ашық кәріз жүйесінен табылған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная